Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 03 Қыркүйек, 2020

Лидо аралында Венеция кинофестивалі басталды

Италияның Лидо аралында 77-ші Венеция кинофестивалі басталды.

Бұл - пандемия басталғалы бері осындай ауқымдағы ең алғашқы шара. Мысалы Канн фестивалін ұйымдастырушылар жұлдыздарды шақыруға қауіптенген болатын. Ал бұл жағдайда фестиваль онлайн форматқа ауыстырылған жоқ. Мұнда тек эксперимент кино байқауы ғана онлайн өтеді. Шарада қауіпсіздік талаптары сақталған. Көрермендер қызыл кілеммен жүріп өткен жұлдыздарды тамашалай алмады, залдағы орын саны азайған, ал масканы барлығы тағуға міндеттелді.

«Біз халықтың көңіл-күйін көтеріп, оларға оптимизм сыйлағымыз келді. Сонымен бірге режиссерлер, продюсерлер, жалпы кино әлемінде жүрген барлық маманға қолдау көрсетуді ұйғардық. Одан бөлек, кинотеатр иелері бізге құлақ асады деп үміттенеміз, өйткені бұл жүйені қайта іске қосу керек. Жаңа карантинге бұл сала енді төтеп бере алмайды. Біз көпшіліктің сенімін қайтарып алуға тиіспіз», - дейді Венеция кинофестивалінің көркемдік директоры Альберто Барбера.



201 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала АҚШ-тың Сауда палатасы Қазақстенмен іскерлік кеңес құрды
Келесі мақала АҚШ саясаткерлері праймериз туралы  не дейді?

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *