Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 03 Қыркүйек, 2020

Рахима Ахметова, Приозерск қалалық аналар кеңесінің төрағасы: Ынтымағы жарасқан халықпыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі жолдауын жариялады.

Парламенттің кезекті сессиясының жұмысы өте күрделі кезеңде басталып отыр. Елімізде жер жаһанда зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды. Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қол ұшын созып, тілеулес болып, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды. Дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай жағдайда бей-жай қалмаған барлық азаматқа шын жүректен алғыс айтамын. Сіздер айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер", деді Мемлекет басшысы.

"Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу. Дағдарысқа қарсы жедел шаралардың екі топтамасы қабылданды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында министрліктердегі жауапты хатшылар институтын таратуды тапсырды. Мемлекет басшысы бұл құрылым өзін ақтамады деп санайды. "Бұл институтты енгізу кезінде олардың ауыспаушылығы министрлерді әкімшілік кадр жұмысынан босатады және аппараттың тұрақтылығын қамтамасыз етеді деп болжанған. Ал іс жүзінде бұлай болған жоқ. Сонымен қатар, министрлер мен жауапты хатшылар арасында өзара түсіністіктің болмауы жиі кездеседі. Нәтижесінде ортақ іс зардап шегеді. Сұраныс тек бір адамнан Президент тағайындайтын министрден болуы керек. Сондықтан жауапты хатшылар институтын жою керек", деді президент. Президент олардың міндеттерін министрліктер аппараттарының басшыларына жүктеу керектігін атап өтті. Бұл ұсыныстарды іске асыру үшін Мемлекет басшысы жыл соңына дейін мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға түзетулер қабылдауды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев, сонымн қатар мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту мерзімін жеделдетуді тапсырды. Оның айтуынша, биыл олардың санын 10 пайызға , келер жылы тағы 15 пайызға қысқарту керек. "Осылайша, біз 2021 жылы шенеуніктерді 25 пайызға қысқарту мәселесін шешеміз. Нәтижелерге байланысты біз одан әрі қысқарту туралы шешім қабылдаймыз. Үнемделген қаражат есебінен қалған қызметкерлердің жалақысы көтеріледі. Төмен ақылы мемлекеттік қызмет қоғамға тым қымбат түсіп отыр. Бұл мәселені дұрыс түсінбеу теріс іріктеуге, құзыреттіліктің, бастамашылықтың жоғалуына, ең бастысы сыбайлас жемқорлыққа әкеледі", деп атап өтті Мемлекет басшысы. Президент, сондай-ақ, өз сөзінде 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда факторлық-балдық шкала енгізілуі керек, бұл мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі мен уәждемесінің артуына әкеледі деп қосты. "Бізге жаңа көзқарастар мен бастамалармен жұмыс істейтін кәсіби кадрлар өте қажет. Мемлекеттік қызмет жабық ұйымға айналмауы керек. Сонымен қатар кәсіби және этикалық талаптардың құлдырауына жол бермей, сабақтастық пен институционалдық жадыны қамтамасыз ету қажет",-деді президент.

390 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз