Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 03 Қыркүйек, 2020

Әрдайым ұқыпты қараңыз, қараусыз қалмасын балаңыз...

Соңғы күндері елімізде балалардың терезеден құлауына қатысты 3 оқыс оқиға тіркелді. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында Ж.Нәжімеденов көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйде бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен ересектердің қарауынсыз қалған 4 жасар бала құлап кетті. Ол ауруханада көз жұмды.
Ақтауда бес қабатты тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалған 3 жасар бала бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлады. Бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.


Павлодар облысының Қалқаман ауылында төрт қабатты үйдің төртінші қабатындағы терезесінен 4 жастағы бала құлап кетті. Ол да түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», делінген хабарламада.


Құтқарушылардың айтуынша, оқыс жағдайға ата-анасының баланы қараусыз қалдыру немесе қасындағы ересектердің салғырт қарауы себепші болады. Сондай-ақ көбінесе бұл күндізгі уақытта болады.


Төтенше жағдайлар комитеті осындай жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін азаматтарды кішкене баланы жалғыз қалдырмауға; құлап кетуден қорғауға арналмаған маса торына (москит) сенбеуге, терезе ашқанда баланы назардан тыс қалдырмауға шақырады. Сонымен қатар, баланың терезе алдына шығып кетпеуі үшін жиһаз бен төсекті терезеден алысырақ қою керек.

174 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Әуежайларға айыппұл салынды
Келесі мақала «Аңсаған сәби» жобасы жайлы не білеміз?

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *