Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Денсаулық
  • 03 Қыркүйек, 2020

Ресейлік вакцина кімге қауіпті?

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов COVID-19-ға қарсы ресейлік вакцина кімдерге қауіпті екенін айтты.

"Ресейде өндірілген "Спутник V" вакцинасы - вирусқа қарсы екі серотипке негізделген тірі векторлық вирус-вакциналар түріндегі препарат. Бұл вакцинаның созылмалы, респираторлық аурулары бар науқастарға қарсы көрсетілімдері бар. Вакцинаны жүкті әйелдерге, бала емізетін әйелдерге, 60 жастан асқан тұрғындарға қарсы көрсетілімі бар", - деді вице-министр Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Сондай-ақ, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 түрін сынақтан өткізіп жатқанын атап өтті.

"Бізде 2 вакцина бар. Біріншісі, инактивтендірілген вакцина. Оның технологиясы басқашалау. Екіншісі, жеке вакцина. Мұнда технология бойынша айырмашылық бар. Инактивтендірілген технология бұрыннан қолданылып келе жатыр. Ол толығымен жансыз, оған адъюванттар қосылады. Бұл оған оң әсер етеді. Кейбір тұрғындар осы адъюванттарды алды", - деді ол.

179 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Дәрі-дәрмек мәселесі шешіледі
Келесі мақала Әлем бойынша 26 миллионнан астам адамнан коронавирус анықталды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *