Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 03 Қыркүйек, 2020

Солтүстік өңірде көп ауылдың болашағы бұлыңғыр

"Осы көкейкесті мәселе менің Үкіметке жолдаған кезекті депутаттық сауалыма арқау болды". Бұл туралы Мәжіліс депутаты Кәрібай Пұсырман өзінің фейсбук парақшасында мәлім етті.

«Nur Otan» партиясының XVIII съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Ауыл – Ел бесігі» жобасының мақсаты – ауылдағы өмір сапасын жақсартып, ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды жаңғырту. Осы жобаның шеңберінде еліміздің 3561 тірек және серіктес ауылдары анықталған.

Болашағы бар ауылдық елді мекендер Ұлттық экономика министрлігі бекіткен өлшемшарттардың негізінде іріктелген. Аталмыш өлшемшарттарға сәйкес, елдің өңірлері екі топқа бөлінген – халық тығыз қоныстанған (Түркістан, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары) және халық орташа қоныстанған облыстар (Атырау, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары).

Алайда, біздің ойымызша, Ұлттық экономика министрлігі халық орташа қоныстанған өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерді жете ескермеген. Біріншіден, олар жұмыс күші артық және жұмыс күші тапшы өңірлер болып бөлінеді. Мысалы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары сияқты халық орташа қоныстанған өңірлер жұмыс күші тапшы өңірлер болып табылмайды. Екіншіден, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, жұмыс күші тапшы өңірлерге (Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары) халық тығыз қоныстанған облыстардың тұрғындары жоспарлы түрде, өз еріктерімен қоныс аударылуда. Үшіншіден, жұмыс күші тапшы кейбір өңірлердің (Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары) қолайсыз демографиялық жағдайын жақсарту мақсатында қоныс аударушыларға республикалық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен тұрғын үйлер салынып жатыр, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары іске асырылуда.

Жергілікті тұрғындардың көшіп кетуі жалғасып жатқан жұмыс күші тапшы өңірлер үшін тірек және серіктес ауылдық елді мекендерді анықтау өлшемшарттары тым жоғары.

Мысалы, аса көрнекті жазушы Ғабит Мүсірепов дүниеге келген Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Жаңажол ауылы жақын тірек ауылынан 65 шақырым қашықтықта орналасуы себепті серіктес елді мекен бола алмаған. Өйткені, болашағы бар елді мекендерді анықтау өлшемшарттары бойынша серіктес ауыл жақын тірек ауылдан 15 шақырымнан артық қашықтықта орналаспауға тиісті.

Солтүстік Қазақстан облысының шалғайдағы Уәлиханов ауданының Қулыкөл ауылы 1 мыңдай адам тұратын, әлеуметтік сала объектілері сақталған, кәсіпкерлігі дамып жатқан, жергілікті мектебінде 193 оқушы оқитын, өркендеп тұрған елді мекен болып табылады. Алайда ол алыста орналасқандықтан (жақын тірек ауыл – аудан орталығынан 180 шақырым жерде), облыстық әкімдіктің тиісті өтінішінің барына қарамастан, болашағы бар ауылдар тізіміне қосылмаған.

«Елдің солтүстік қақпасы» - Солтүстік Қазақстан облысындағы

646 ауылдық елді мекеннің 307-сі ғана тірек және серіктес ауылдық елді мекендер тізбесіне қосылған.

Мұндай мысалдарды республиканың жұмыс күші тапшы басқа да өңірлерінен келтіруге болады.

Сонымен қатар, тірек және серіктес ауылдық елді мекендер тізбесін жасаған кезде ауылдық округтер әкімдерінің, аудандар әкімдіктерінің, мәслихаттардың және қоғам өкілдерінің пікірлері үнемі ескеріле бермеген.

Осыған орай, Үкіметтің қарауына мынадай ұсыныстарды енгіздік:

Біріншіден, елдегі жұмыс күші тапшы өңірлердің қолайсыз демографиялық жағдайын ескере отырып, «Ауылдық елді мекендерді айқындауға арналған өлшемшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 қыркүйектегі

№ 81 бұйрығын қайта қарау қажет. Жұмыс күші тапшы өңірлер үшін жеке өлшемшарттар жасаған жөн.

Екіншіден, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандар әкімдіктерінің, мәслихаттардың және қоғам өкілдерінің пікірлерін ескере отырып, жұмыс күші тапшы өңірлердің, бірінші кезекте солтүстік облыстардың болашағы бар ауылдарының тізбесін кеңейту мүмкіндігін қарастыру керек.

Осы депутаттық сауалымды әріптестерім, «Nur Otan» партиясы Фракциясының мүшелері Әбдіманап Бектұрғанов, Сергей Звольский және Петр Шарапаев қолдап, қол қойды.

 

 

46 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Атырауда модульді типтегі аурухана қазан айында қолданысқа берілмек
Келесі мақала Биыл «Талдықорған – Өскемен» автожолы пайдалануға беріледі — А. Мамин

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *