Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 03 Қыркүйек, 2020

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл шын мәнінде «әділетті мемлекеттің» құрылысы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауына байланысты ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар ШӘКІРОВ өз пікірін білдірді.

"Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» деп аталуы оның еліміздің алдындағы сын-қатерлер мен қауіптерді еңсеру жөніндегі аса шұғыл әрі жан-жақты шараларға бағытталған мазмұнын паш етіп отыр.

Мемлекеттің тек ішкі мәселелеріне және оларды шешу жөніндегі дер кезінде ұсыныстар әзірлеуге арналған бұл құжаттың нақтылығы ерекше назар аудартады.

Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің ерекшелігіне қарамастан, ол әлем дамуының жаңа жағдайларында ауқымды іс-қимыл бағдарламасы жарияланған алдыңғы Жолдауды іске асырудың заңды жалғасы деп айтуға болады.

Егер Президенттің экономикалық өзгерістер саласындағы тапсырмаларын қарастыратын болсақ, онда әлемде қалыптасқан қолайсыз жағдайға негізделген шұғыл шаралардың қажеттілігі айқын.

Сонымен қатар Жолдауда саяси өзгерістер, ең алдымен адам құқықтарын қорғау саласындағы міндетті шарттар болып табылатын «әділетті мемлекет» құруды көздейтін бағыт-бағдарымыздың бұлжымайтыны расталды.

Президенттің екі Жолдауының арасында осы бағытта айтарлықтай жұмыстар атқарылды: саяси партиялар туралы; сайлау туралы; бейбіт жиналыстар туралы; Парламенттің қызметі туралы, оның ішінде парламенттік оппозицияның болуын көздейтін заңдар қабылданды, жеке адамның құқықтарын қорғау саласындағы заңнама жетілдірілуде.

Президент айтқандай, бұл реформалардың бастамасы ғана.

Азаматтарды мемлекеттік басқару процесіне неғұрлым белсенді тарту арқылы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуды жеделдету осыған байланысты негізгі бағыттардың бірі болып табылады.

Бұл тұрғыда мәслихаттар ерекше маңызды рөл атқаруы тиіс, сайлаушылардың тыныс-тіршілігінің кез келген мәселелері бойынша мұң-мұқтажын білдіру олардың өз міндетіне кіреді. Сонымен қатар, заңда оларға жергілікті ресурстардың жұмсалуын бақылауға дейін біршама құқықтар берілген, іс жүзінде мәслихаттар өз өкілеттіктерін жеткілікті дәрежеде іске асыра алмай отыр. Мемлекет басшысы мұны «саяси анахронизм» деп атады. Халық пен жергілікті билік органдары арасындағы үнқатысудың жеткіліксіздігі салдарынан азаматтар орталық билікке жергілікті проблемалармен жүгінуге мәжбүр. Коронавирустық пандемиямен күрес сабақтары мұны көз алдымызға әкеліп көрсетіп отыр.

Мәслихаттар жұмысының ашықтығы және міндетті онлайн-трансляцияларды енгізудің арқасында азаматтық қоғамға жергілікті деңгейде шешімдер қабылдауға нақты қатысуға мүмкіндік береді.

Мәслихаттардың рөлін нығайтуға Парламент Сенаты өз үлесін қосып келеді, мұнда Жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылып, жұмыс істейді. Кеңес аясында Қазақстандық заңгерлер одағының қолдауымен мәслихаттар депутаттарының халық мүдделерін білдіру, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмысының тиімділігін арттыруға байланысты жұмыстар жүргізілуде.

Жолдауда Мемлекет басшысы басымдық ретінде айқындаған адам құқықтарын қорғау жөнінде жаңа шаралар қабылдау туралы тиісті тапсырмалар бергені аса маңызды деп аталды.

Бала құқықтары туралы Конвенцияның үшінші Факультативтік хаттамасына қосылу да жеткілікті түрде заңды болып отыр, бұл қазақстандық балаларға осы Конвенцияда бекітілген құқықтарының бұзылуы туралы БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетіне шағым жасауына мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта көптеген әскери қақтығыстарға, мәжбүрлі жаппай

көші-қонға, әлемге жайылған коронавирустық пандемиясына байланысты балалар қауіпті аймақтағы ең әлсіз әлеуметтік топ болып табылады.

Бұл қадам еліміздің негізгі жалпыға танылған халықаралық-құқықтық нормалар мен стандарттардан айнымайтындығына кезекті мәрте дәлел болады. Қазақстан бүгінгі таңда БҰҰ-ның төрт комитетінің: Адам құқықтары жөніндегі комитеттің, Азаптаудың алдын алу жөніндегі комитеттің, Нәсілдік кемсітушілікті жою жөніндегі комитеттің және Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі комитеттің жеке шағымдарды қарау құзыретін мойындады.

Құқық қорғау органдарын реформалау аясында Президент бірқатар жаңа тапсырмалар берді, олардың ішінде құқық қорғау органдарында міндетті бейнебақылауды енгізуді атап өтуге болады.

ҚР Бас прокуратурасының деректеріне сәйкес, 2019 жылы "азаптау" 146-бабы бойынша 86 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. 2020 жылдың бес айында осы бап бойынша 131 осындай жағдай тіркелді.

Бұл ұсынылған жаңалықтар ерекше өзгеше шара емес. Ол Азаптауларға қарсы конвенцияға Факультативтік Хаттамада көзделген, оған Қазақстан 2008 жылы қосылып, азаптаулардың алдын алу жөніндегі ұлттық алдын алу тетігін құрды. Осыған байланысты, Жолдаудағы «әлеуетті құрылымдар жұмыстың озық әдістеріне неғұрлым көп сүйенетін болса, олардың халықаралық тәжірибеге сай келу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады» деген сөз ерекше мәнге ие болады.

Әсіресе, қазіргі уақытта «әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір аспектісі заң үстемдігінсіз және азаматтарымыздың қауіпсіздігіне кепілдік берусіз сәтті жүзеге асырыла алмайды» деген тұжырым да өзекті және уақтылы болып отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы әлемдік дамудың теңдесі жоқ жағдайларында елдің одан әрі дамуы үшін сенімді, берік негіз болып табылады".

142 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Зейнетақы қорындағы ақшаны кімдер ала алады?
Келесі мақала Балхия Көмекбаев, «Аналар кеңесінің» төрайымы: Күрделі кезеңдегі - кемел келешек бастауы

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *