Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 03 Қыркүйек, 2020

Балхия Көмекбаев, «Аналар кеңесінің» төрайымы: Күрделі кезеңдегі - кемел келешек бастауы

Қазіргі әлемді жайлаған пандемия кезінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» тақырыбындағы бүгінгі Қазақстан халқына жолдауын мұқият тыңдай отырып, нақты іс-қимылдар жобасын анықтап бергенін байқадым.

Президент Қ.К.Тоқаев Елбасы саясатын сабақтастыра отырып, басты міндеттерді анықтап көрсетті.

Олар:  әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық;жұмыс орындарын сақтау; халықтың табысын сақтау.

Бұл күрделі мәселелерді шешудің де жолдарын қарастырып, ұсынуын мемлекет басшысының табанды еңбегінің арқасы деп білуге болады.

Шымкент қалалық «Аналар кеңесі» де Президент жолдауындағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру жобасын толыққанды қолдайды. Бұл мақсатта «Аналар кеңесі» ел ішіндегі түйіні шешілмеген істерге араласып, қала басшылығымен бірқатар жобаларға қатысуды көздейді.

Қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік сектор арасындағы диалогқа «алтын көпір» салынуы құптарлық жағдай.

Сондай-ақ, адам құқықтарына, оның ішінде балалардың құқын қорғауға баса назар аударылуы «Аналар кеңесінің» де басты мақсаттарымен сәйкес келуі кездейсоқтық емес. Балаларды интернет әлегінен қорғайтын құқықтық актілерді қабылдаудың уақыты жеткенін баса көрсетуі көпшілікті қуантары сөзсіз.

«Аналық» жүрегімізбен осынау қиын жағдайда жасалған Президент жолдауының  адамгершілік қағидалармен сабақтасқан тұстарын әрбір отбасының, әрбір ауылдың, елді мекендердің қолдау білдіретіндігін сеземіз және бұл тарихи кезеңді де бастан өткеріп, қиындықтарды бірге жеңеміз!

400 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз