Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 03 Қыркүйек, 2020

Соңғы екі тәулікте Түркістан облысында Covid-19 инфекциясы мүлдем тіркелмеген

Түркістан облысында соңғы бір тәулік ішінде 944 азаматтан коронавирус инфекциясын анықтайын сынама алынды. Тапсырылған барлық тест теріс нәтиже көрсетіп, ешбір азаматтан ауру анықталмады. Ресми мәлімет бойынша, соңғы екі тәулікте Түркістан облысында Covid-19 инфекциясы мүлдем тіркелмеген.

Қазір ауруханалардағы инфекциялық стационарларда небәрі 31 науқас covid-19 індетінен ем қабылдауда. Жалпы, жұқпалы ауруларға шалдыққан науқастарға арналған 600 төсек орынның 484-і бос тұр. Пневмония және тұмаумен 85 адамға ем көрсетілуде. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. 

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, облыс бойынша Сovid-19 инфекциясын жұқтырған 3322 жағдай тіркелген. Оның ішінде 3168 науқас медицина қызметкерлерінің көмегімен сауығып шықты. Жалпы, күні бүгінге дейін өңірде 130061 азаматтан коронавирус инфекциясына қатысты зертханалық полимеразды тізбекті реакциясына сынама қабылданған.

197 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Биыл «Талдықорған – Өскемен» автожолы пайдалануға беріледі — А. Мамин
Келесі мақала Болсайшы бәрі осындай... (Тілектестік сөз)

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *