Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Біздің сұхбат
  • 04 Қыркүйек, 2020

Талғат Нәрікбаев: Әкімдер жол жөндеуге емес, білімге басымдық беруі керек

"Балалар тұратын жеріне және оқыту тіліне қарамастан сапалы білім алуы тиіс... Өйткені олар - мемлекетіміздің болашағы. Әкімдердің жұмысын осы критерий бойынша бағалайтын боламыз".
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан.

Білім және ғылым министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл жөніндегі «ADAL BILIM» жобалық кеңсесінің басшысы М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU Университетінің басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев университеттерді облыс әкімдіктерінің қарамағына беру керек деп санайды.

Оның айтуынша, аймақтардағы жоғары оқу орындарының жұмысын қайта қарау қажет. Бұл туралы ол «ADAL BILIM» парақшасының тікелей эфирінде хабарлады.
         "Министр өңірлік ЖОО  ректорларын тікелей бақылай алмайды. Олар да білім басқармасының басшылары сияқты әкімдердің ықпалында. Ал мемлекеттік университеттер негізінен аймақтарда орналасқан. Қазіргі уақытта бұл университеттер Білім министрлігіне қарайды. Ректорларды тағайындайтын да, толығымен бақылайтын да - министр. Егер министрліктің қарамағынан облыс әкімдері мен жергілікті атқарушы органдардың қарамағына берілсе, жағдай жақсы жағына өзгереді. Мәселен, Германияда  оқу орындары орналасқан жеріне, яғни облысына бекітілген. Осылайша, жоғары оқу орны үшін жауапкершілік министрге емес, әкімге жүктеледі", - деді тікелей эфирде басқарма төрағасы.

Талғат Нәрікбаев  мәселенің шешімі ретінде әкімдерге өз өңіріндегі еңбек нарығының қажеттілігіне талдау жүргізуді және кейіннен алынған деректерге сәйкес өз мамандарын оқытуды ұсынады.

   «Қазақстанның барлық мектептері үшін Білім министрлігі қалай жауап береді? Тіпті осы мақсаттарға бюджеттен орасан зор қаражат бөлінгеннің өзінде мектеп оқулықтарының бар-жоғына мониторинг жүргізу – тым күрделі міндет. Менің ойымша, өңірдегі білім сапасына облыс әкімі жауап берген кезде ғана нақты нәтижеге қол жеткіземіз. Жол жөндегеннен гөрі әкімдердің басты міндеті  білім беру сапасын жақсарту болу керек. Әкімнің білім бағытындағы қызметі мектептердің құрылысымен ғана шектелмеуге тиіс, ол басқа облыстармен бәсекелестік үшін, білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсартып, оқыту сапасын арттырып,  сондай-ақ мұғалімдерінің жалақысын көтеріп, барынша жағдай жасауға бағытталуы тиіс», - деп жалғастырды.

 Айта кетсек, елімізде 7 мыңнан астам мектеп және 10 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым қызмет етеді. Жаңа оқу жылында 3,3 млн оқушы тіркеліп отыр.

190 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Досым Зікірия, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының орынбасары: «Алтын адам» – ата-баба аманаты
Келесі мақала Медицинада оқитын студент – он гранттың иесі

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *