Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 04 Қыркүйек, 2020

Дәрігер жетіспейтін аймақ

Солтүстік Қазақстан облысында дәрігер мамандары тапшы, өңірде 220 бос орын бар. Дәрігер жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін бірқатар іс-шаралар қолға алынған.

«Өңірге медицина қызметкерлерін тарту үшін олардың әлеуметтік жағдайын жақсарттық. Жергілікті бюджет есебінен ауылдық жерлерге баратын дәрігерлерге 1,5 млн теңге көтермеақы беріледі. Аса қажет мамандарды – 76 дәрігерді резидентурада оқытып жатырмыз. Облысқа келген дәрігерлердің барлығы 100% баспанамен қамтылады. Осындай жұмыстардың нәтижесінде қажеттілік 354 маманнан 220 маманға дейін қысқарды», - деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов. Ал 2023 жылға дейін медицина қызметкерлерінің еңбекақысын 2 есе көбейту жоспарланған. Қазір 246 мың теңге алса, кейін олардың табыстары 561 мың теңгеге дейін жетпек.

 

 

1053 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз