Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 05 Қыркүйек, 2020

Алматыда алғашқы өнеркәсіп паркі ашылды

Алматыда алғашқы өнеркәсіптік парктің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды kazgazeta.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

«Almaty Finance» компаниясы «Алматы» ӘКК еншілес кәсіпорны журналистерге Наурызбай ауданындағы «Ala Estate» ЖШС компаниясының алғашқы өнеркәсіптік паркін таныстырды.

Аталған нысан «Almaty Business 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылдың қараша айында іске қосылған. Almaty Finance компаниясы Жобаларды сүйемелдеу департаменті директоры Нұржан Садықов журналистерге ұсынылған нысандағы қолдау схемасы жөнінде айтып берді.

«Жобаның басты мақсаты қолданыстағы өндірістік ғимарат алаңдарын қайта жөндеуден өткізіп, жетілдіру. Сонымен қатар, осы өнеркәсіптік парк аумағында бірыңғай кластер құру міндеті қойылды. Былайша айтсақ, осыған ұқсас бағыттағы жобаларды орналастыру. Ғимарат алаңы белгіленген төмен бағамен жалға беріледі. Яғни, 1 шаршы метрінің бағасы 1000-1200 тг тең, ал жалға беру мерзімі 5-7 жыл. Бірінші жоба Furtina компаниясы жүзеге асыратын жихаз өндірісіне қатысты. Мұнда екі есе жетістікке қол жеткізілді. Яғни, біз өнеркәсіптік парк құрылысына қолдау көрсеттік. Ал оның аумаңында біздің қолдауымызға сәйкес, жихаз жасау жобасы жүзеге асырылуда. Егер өнеркәсіптік паркті жылдық 6% мөлшерлемемен қаржыландырсақ, ал жихаз жасау жобасына жылдық 2% мөлшерлемемен қаражат бөлдік. Біз 7 жылға дейінгі мерзімге инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін, ал 3 жылға комиссиясыз капитал айналымына қолдау көрсету мақсатында жылдық 2 және 6% мөлшерлемемен несие береміз. Несиелендіру бағдарламаларының ерекшелігі — біз клиентпен тікелей байланысып, толықтай қызмет түрлерін ұсынамыз»– деді ол.

Almaty Finance компаниясы өкілінің айтуынша, кәсіпкерлер үшін тағы да бірқатар артықшылықтар бар. Атап айтсақ, жобаны қарастыру барысында ешқандай комиссия алынбайды. Бүған қоса, серіктестерге «Алматы финанс» компаниясы, Qolday кәсіпкерлік орталығы, «Алматы» шағын қаржы үйымы орналасқан «Инвестициялар үйінде» қызмет түрлері көрсетіледі. Сондай-ақ, қаражатты бекіту мерзімі 30 күннен 5-10 күнге дейін қысқартылды.

Алдағы уақытта Алматы қаласында осындай тағы алты өнеркәсіптік парктерді құру жоспарлануда. Бұған қоса, инвестор креативті индустрия, әлеуметтік нысандарды салу, өңдеу өнеркәсібі жобаларын дамыту, тұрақсыз сауда нысандары желісін дамыту саласындағы жобаларға қолдау көрсетпек.

Almaty Finance компаниясы өкілдерінің айтуына сүйенсек, бұлардың қатарына өнеркәсіптік парктер, қызмет көрсету орталықтары, «қолжетімді жерде» орналасқан жаңа форматтағы дүкендер жатады. Қазіргі уақытта, бағдарлама аясында 6,6 млрд теңгеге 29 жоба мақұлданды. Олардың ішінде, 17 жоба 5,4 млрд теңге көлемінде қаржыландырылып, 214 жұмыс орны ашылды.

Сондай-ақ, 1,7 млрд теңгеге тең жобалар қазір қарастырылу үстінде. Орталық пен периферия арасындағы іскерлік климаттағы тегерімсіздікті жою үшін, қаланың жаңа аудандарына, оның шет аймақтарына баса назар аударылады.

140 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Президент Даниал Ахметовты қабылдады
Келесі мақала Коронавирустан жазылған науқастар саны 99 мыңнан асты

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *