Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 05 Қыркүйек, 2020

БҰҰ әлем елдерін көмір жағудан бас тартуға шақырды

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлем елдерін климаттың өзгеруіне назар аударып, оның салдарымен күресті күшейту қажеттілігін және көмір электр станцияларын қаржыландыруды мейлінше азайту қажеттігін айтты.

Ұйым басшысы мұндай мәлімдемені Жапонияның ұйымдастырумен өткен «үлкен жиырмалықтың» Сыртқы істер министрлерінің кездесуінде жасады. Гутерриш көмір қоршаған ортаға үлкен зиян тигізіп жатқанын айтып, экологиялық таза қуат көздерін дамытуға күш салу керектігін жеткізді. БҰҰ Бас хатшысының айтуынша, әлемде ауаға көмірқышқыл газын шығару ормандар мен мұхиттардан бөлінетін көміртек көлемінен аспауы керек.

 - Әлемнің жетекші инвесторлары көмір сынды дәстүрлі табиғи отыннан бас тартпай келеді. Өйткені бұл арзан. Бірақ Жапониядағы бизнес қауымдастықтары үкіметтен климаттың өзгеруіне қарсы шаралар қабылдауды сұрады. Себебі олар көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларға қаржы құю экономикалық тұрғыдан тиімділігін жоғалтатынын түсінеді. Инвестиция тұрғысынан да көмірмен өндірілетін энергияның пайдалы екені жөнінде ешқандай дәлел жоқ, - деді БҰҰ-ның Бас хатшысы.

Дереккөз: 24.kz

185 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала АҚШ саясаткерлері праймериз туралы  не дейді?
Келесі мақала Әлемде коронавирустан 7000 медициналық қызметкер көз жұмды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *