Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 05 Қыркүйек, 2020

Алматыда Төле би көшесі демалыс күндері жабық болады

Алматыда демалыс күндері Төле би көшесінің кейбір учаскелерінде көлік қозғалысы шектеледі.

«5 қыркүйек таңғы сағат 7:00-ден 7 қыркүйек таңғы 6:00-ге дейін Төле би көшесі бойымен шығыс бағытта Исаев көшесінен батысқа қарай Әйтиев көшесіне дейін жол жабылады»,– деп хабарлады Алматы қаласының мобильділік басқармасы. Уақытша шектеулер осы көшедегі магистраль құбырын жоспарлы ауыстырумен байланысты инженерлік желілерді қайта жаңарту – тозған құбырларды ауыстыру, қалалық жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысындағы тәуекелдерді азайту үшін қажет. Басқарма өкілдері тұрғындарды келтірілген қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, аталған учаскелерді айналып өту жолын алдын ала қарастыруды сұрайды.

 

135 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Мәулен Әшімбаев: Сын сағатта мемлекеттік басқарудағы олқы тұстар белгілі болды
Келесі мақала Тауда адасқандар құтқарылды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *