Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 05 Қыркүйек, 2020

Әлемде коронавирустан 7000 медициналық қызметкер көз жұмды

Бүкіл әлем бойынша коронавирусты 98 мыңға жуық медициналық қызметкер жұқтырып, кемі 7 мыңы көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісті деректерді Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы келтіріп отыр. Мексика мен АҚШ-та ақ халаттылар арасында кісі өлімінің көрсеткіші мыңнан жоғары.

Сондай-ақ Ұлыбритания, Бразилия, Ресей, Үндістан, Оңтүстік Африка мен Иранда да коронавирустан көз жұмған медициналық қызметкер көп. Осы ретте халықаралық ұйым өкілдері әлем елдерінің билігін дәрігерлерді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету мәселесіне жіті назар аударуға шақырып отыр.

183 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала БҰҰ әлем елдерін көмір жағудан бас тартуға шақырды
Келесі мақала Лос-Анджелесте ауа температурасы рекордтық көрсеткішке жетті

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *