Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Серіктестік тынысы
  • 05 Қыркүйек, 2020

Министр Балаева «Мысль» журналын 100 жылдығымен құттықтады

Алматыда Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева «Қазақ газеттері» ЖШС ұжымымен кездесу өткізіп, «Мысль» республикалық қоғамдық-саяси ғылыми-ағартушылық журналының 100 жылдығымен құттықтады.
Министр жиналғандарға мемлекеттік хатшы Қ.Көшербаевтың «Мысль» журналы ұжымының атына арнайы құттықтау хатын оқып берді.
Өз кезегінде, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева цифрлық технологиялар дәуіріндегі «Мысль» журналы халықтың сұранысқа ие басылымы болып қала беретінін, ұлттық сана мен рухани құндылықтарды қалыптастыру бойынша қоғамдық-маңызды жұмыстарды жүргізуге бағытталған өзінің тақырыптық контенті бар екенін атап өтті.
Соңында министр Аида Балаева еліміздің түрлі тақырыптық баспа басылымдарын біріктіретін «Қазақ газеттері» ЖШС ұжымына шығармашылық табыс тіледі.

347 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Карантинде LikeKomek дүкенін ашқан Керейбаевтар
Келесі мақала «Мысль» журналына – 100 жыл

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *