Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 07 Қыркүйек, 2020

Тауда адасқандар құтқарылды

5 қыркүйекте түнде сағат 22-де Советтер шыңында бір топ турист адасып кеткені жөнінде Республикалық жедел құтқару отрядының кезекші бөліміне ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Төрт туристің бірі Ресей азаматшасы болған. Олар тауға таңертең ауа райы ашық болғанда аттанған. Таудың басына жетіп, қайтар кезде қалың тұман түседі. Туристер соқпақ жолдан адасады. Адасқандар Республикалық жедел құтқару отрядының құтқарушыларынан көмек сұраған кезде айнала қараңғы болып кетеді. Олардың айтуынша, Қ.Сәтпаев (Совет) шыңының баурайында шағын тақта алаңда тұрған, ары қарай қайда жүрерін білмеген. Құтқарушылар ешқайда кетпеуді, көмекті сонда күту керектігін ескертеді.

Құтқарушылар тауға шыққандардың қай тұста тұрғанын жобалап, сонда жаяу аттанады. Іздестіру кезінде 3800 метр биікте жедел топ адасып қалғандарды тапты. Құтқарушы медицина қызметкері туристерді қарады, олар тоңып қалған, аяқ-қолдарын сызып алған. Қатты қорыққаны болмаса жағдайлары жақсы болған.

Одан кейін құтқарушылар туристерде қауіпсіз жерге дейін ертіп шықты. Өйткені еңіс әрі сырғыма тас көп еді, кей тұста құз бар болатын. Таң ата бастағанда барлығы тау етегіне түсіп, туристердің көлігі тұрған тұраққа жетті. Олар медициналық көмектен бас тартты.

 

 

183 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Алматыда Төле би көшесі демалыс күндері жабық болады
Келесі мақала 1,2 мыңнан астам медицина қызметкері әлеуметтік төлем алды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *