Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 07 Қыркүйек, 2020

Елімізде Үкіметтік емес ұйымдар академиясы құрылады

Елімізде алдағы уақытта Үкіметтік емес ұйымдар академиясы жобасы жүзеге асырылатындығы жөнінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет "Даму тарихы: іштей көзқарас" атты 11-ші жыл сайынғы халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінде хабарлады. 

«Үкіметтік емес ұйымдарды кәсібилендіру бойынша шаралар қабылдау жоспарланып отыр. Тұрақты әрі бәсекеге қабілетті үкіметтік емес ұйымдарды дамыту үшін «Үкіметтік емес ұйымдар академиясы» деп аталатын жоба құру жоспарланған. Академияның құрылуы бұл сектордың дамуы үшін жақсы алғышарттар жасап, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен қызметкерлерінің құзіреттілігін арттырады деп ойлаймыз», - деді ол.   

Мадияр Қожахметтің айтуынша, «Асар» бизнес пен мемлекеттің үшжақты серіктестігі тұғырнамасы тұрақты түрде жұмыс істейтін болады. Аталған тұғырнама аясында бизнеспен бірге әлеуметтік бастамаларды дамыту көзделген.

127 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала 1,2 мыңнан астам медицина қызметкері әлеуметтік төлем алды
Келесі мақала Алматыда жаңа орталық ашылды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *