Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Қыркүйек, 2020

Нұр-Сұлтан қаласының діни бірлестіктері ҚР Президентінің Жолдауын талқылады

Дін істері басқармасының бастамасымен елорданың діни бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылады, - деп хабарлайды елорда әкімінің баспасөз қызметі. 

Кездесуде баяндама жасаған Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Мирас Шекенов жолдаудың саяси, экономикалық және әлеуметтік маңыздылығы мен артықшылығын атап өтті.

Діни бірлестік басшылары жолдауға қатысты ойларын білдіріп, оны жүзеге асырудың жолдары мен мүмкіндіктері туралы ұсыныстарымен бөлісті.

Сонымен қатар кездесуде Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Шағалтаева қатысушыларға карантин шаралары аясындағы діни бірлестіктердің қызметі және діни ғимараттардағы келушілермен өтетін бұқаралық діни шаралардың ережелерін түсіндірді.

Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында 54 діни бірлестік, 30 діни ғимарат жұмыс жасайды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес жұмысының аясында діни бірлестіктермен бірқатар жобалар жүзеге асырылады.

219 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Қазақстандық бірқатар бизнес өкілдері жаңа жылға дейін төлемдерден босатылады
Келесі мақала Қазақ боксшылары қашан жұдырықтасады?

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *