Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 07 Қыркүйек, 2020

Мақтааралда зардап шеккен 360 үйдің құрылысы аяқталды

Биылғы көктемде топан судан зардап шеккен Мақтаарал ауданында 895 үй қайта салынып, бүгінде 360-қа жуық баспананың құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Қазіргі таңда Өргебас ауылында – 44, Фирдауси елдімекенінде – 88 және Мырзакент кентінде 227 тұрғын үй салынып біткен. Жоспар бойынша барлық үйлер қазан айының соңына дейін толығымен тапсырылуы тиіс.

Айта кетейік, Өргебас және Фирдауси ауылдарының тұрғындары баспаналарын мемлекеттің қолдауымен өздері салып жатыр. Ондағы баспаналардың құрылыс жұмыстарына кететін қаражат 3 кезең бойынша берілуде. Ал Мырзакент кентіндегі бірдей үлгіде салынып жатқан 386 үйдің 196-сы Үкімет резервінен, 190-ы қоғамдық қорлардың есебінен жүргізілуде.

Сондай-ақ, жаңадан құрылған мөлтекауданда мектеп, балабақша, медициналық амбулатория және полиция пунктері салынуда. Мәселен, жаңадан бой көтеріп жатқан мектеп 1200 орынға шақталған. Ал жаңа балабақшада 280 орындық бүлдіршін тәрбиеленетін болады. Құрылысқа жауапты сала басшылары бұл нысандар қараша айынан бастап пайдалануға берілетінін айтады.

"Қазіргі таңда барлығының фундаменті құйылып, кірпіш қалау жұмыстары жүргізілуде. Ал мектеп пен балабақшада жаңағы фундаменті құйылуда. Оны тапсыруға келетін болсақ, полиция бекетін осы 1-ші қарашаға тапсырамыз деп отырмыз. Қалған мектеп пен балабақшамыз келесі жылға өтпелі", - деді Түркістан облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Тәжібай Егетаев.

615 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз