Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 07 Қыркүйек, 2020

Экономист Олжас Төлеуов қызметке тағайындалды

Экономист Олжас Төлеуов Ұлттық банк басшысының кеңесшісі болып тағайындалды.

Олжас Төлеуов ақша-несие саясатына, макроэкономикаға, экономикалық-математикалық модельдеуге және т.б. мәселелерге қатысады. Олжас Төлеуов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес жоғары мектебін бітірген.

Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің магистрі. Вусонг университетінің (Корея Республикасы) Solbridge бизнес мектебінде, Ресейдің Орталық банкінде, Чехия мен Швейцарияның Ұлттық банктерінде, сондай-ақ БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясында (ESCAP) тағылымдамадан өтіп, білімін жетілдірген.

Олжас Төлеуов әр жылдары AERC ғылыми-кеңес беру компаниясында жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде ол бизнес-талдаушы қызметінен басқарушы директор лауазымына дейін көтерілді, стратегиялық және квазимемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысты. Тағайындауға дейін, ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанындағы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті болды.



215 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Қазақстанда шектеу шаралары мен карантин тәртібін енгізу туралы қаулы жобасы жарияланды
Келесі мақала 9 қыркүйек күні Үкімет отырысы өтеді

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *