Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Қыркүйек, 2020

Сарапшылар: креативті экономика туралы не білуіңіз керек?

COVID-19 індетінің әсері және жастарға арналған мүмкіншіліктер

7-ші қыркүйек, 2020 жыл—Атырауда Jaspace қоғамдық креативті – шығармашылық кеңістігін ашу аясында "Креативті экономика-контексттен тыс табыс" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. COVID-19 індетіне байланысты ресми ашылу AYDI (Atyrau YouthDevelopment Initiative – Атырау қаласының жастарын дамыту бастамасы) You tube арнасында онлайн  форматта өтті. Жобаның бастамашысы және басты серіктесі "Шеврон" компаниясы болды.

 

Спикерлер ретінде The Village Қазақстан және Masa Media жобаларының негізін қалаушы АйсанаӘшім, кәсіпкер және бизнес жаттықтырушы Ғани Абадан, PR-маманы, подкастер және блогер Марина Шариповажәне "I-SEED" атты әлеуметтік кәсіпкерлік жобасының менторы Күнжамиля Сахайнқатысты. Олар креативті экономиканың жай-күйі мен даму перспективалары туралы өз пікірлерімен бөлісті.

 

Қазақстанда креативті экономика әлі де болса даму сатысында, алайда үлкен әлеуетке ие. Отандық жас музыканттар, IT-мамандары, креативті экономика өкілдері сұранысқа ие және халықаралық деңгейде танымал. ЮНЕСКО-ның есебіне сәйкес, бұл сала жыл сайын әлемдік ЖІӨ-ге 3% (2 250 миллиард доллар) үлес қосады және 29,5 миллион жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

 

Креативті экономика адами ресурстар мен таланттарға, инновацияларға және стандарттан тыс тәсілдерге негізделген. Мұнда бизнес адамның қарым-қатынастарына және шығармашылыққа негізделген идея. Ал стандартты экономика болса, өндіріс пен өнеркәсіпке тәуелді.

 

Коронавирустық індет жағдайы көрсеткендей, проблемаларын шешу барысында шаблоннан тыс ойлауды қолданатындар және өзгермелі жағдайларға тез бейімделетіндер төзімділік көрсетті. "Өзгерістерді адам факторы басым бизнес форматына енгізу оңайырақ болды. Креативті экономиканың автоматтандырылған өнеркәсіп немесе күрделі өндіріске қарағанда артықшылығы айқын. Адамдар жақсы бейімделеді және креативті экономика өкілдері тез күшін жинап, онлайн режимінде жұмыс атқара алды", - деді Ғани Абадан.

 

Әлемдік тәжірибе туралы айтатын болсақ, startups.co.uk порталға сәйкес 2019 жылмен салыстырғанда онлайн бизнес саны 60% - ға өсті. Сонымен қатар, Ұлыбританияда креативті саланың елдің ЖІӨ-ге қосқан үлесі әлем бойынша ең жоғары болып, 7% - ды құрады. Қазақстанда біз электрондық коммерция секторындағы өсімді, азық-түлік пен тағам жеткізуге сұраныстың артуын және жаңа кәсіптердің іске қосылуын көрдік.

 

"Дағдарыс кезінде жаңа жобаларды іске қосу көптеген адамдар үшін қарсы-интуитивті болып көрінуі мүмкін", - деді Айсана Әшім. "Дегенмен, індет кезінде біз жаңа медиа жобаны іске қостық."Медиа стартап инвесторлар үшін тартымды болуы үшін өзінің бірегей мақсатты аудиториясын нақты анықтап, белгілі бір тауашаны таңдап, "tone of voice" – өзіндік айрықша дауыс-үнін қалыптастыру қажет. Қазақстандық медиа нарықта өңірлік жобаларды, сондай-ақ микро- немесе шағын және орта бизнеске арналған мамандандырылған БАҚ-жобасын бастауға орын жеткілікті.

 

"Бизнесті нақты мақсатпен және құмарлықпен бастау керек. Бұл жағдайда болашақ кәсіпкердің жасы жобаның сәттілігіне әсер етпейді. Жақында 16 жастағы қазақстандық оқушылар беделді мектептер мен университеттердің тегін сабақтарын жинаған сайты іске қосты", - деп Күнжамиля Сахайн пікір бөлісті.

 

Jaspace кеңістігі "Шеврон" компаниясының “Атырау жастарын дамыту бастамасы (AYDI)” жобасының бір бөлігі болып табылады. Бұл бастама жастарды экономикаға бейім және әлеуметтік тұрғыдан белсенді етуге, әрі Атырау қаласын ашық, инклюзивті және теңқұқықты қала ретінде дамытуға бағытталған. AYDI жобасын Атырау облысы әкімдігі мен серіктестікте British Council, ImpactHub Almaty жәнеUrbanForum Kazakhstan құрған коалиция әзірлеп, басқарады.

204 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Алматының ғажайып кеші
Келесі мақала Токио Олимпиадасы 2021 жылы өтетін болды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *