Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 07 Қыркүйек, 2020

Қазақстанда карантин ережелері бекітілуі мүмкін

Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстанда карантинді енгізу бойынша ережелер белгіленген қаулы жобасын жариялады.

Құжатқа сәйкес төмендегі тізбеде көзделген инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда Кодекстің 104-бабына сәйкес:

— инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған;

— кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің ерекше режимін көздейтін шараларды қамтитын шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізіледі.

Инфекциялық аурулардың атауы:

1. Оба

2. Тырысқақ

3. Сары қызба

4. Вирустық геморрагиялық қызбалар

5. Ауыр жіті респираторлық синдром (АЖРС)

6. Вирустың жаңа кіші типі тудырған адам тұмауы

7. Вирустың жаңа кіші типі тудырған коронавирустық инфекция

«Инфекциялық және паразиттік аурулардың Қазақстан Республикасының аумағына әкеліну және (немесе) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралу қаупі төнген жағдайда Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде немесе Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің және халықтың өмір сүруінің ерекше жағдайларымен шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізеді», — делінген құжатта.

Қаулы жобасы 28 тамыздан бастап 14 қыркүйекке дейін талқылау сатысында болады.

368 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз