Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Қыркүйек, 2020

Кавасаки синдромының белгілері қандай?

Бұл туралы Кавасаки синдромы туралы онлайн-сұхбат барысында Алматы қаласы балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігер-сарапшысы Ғалия Құттықожанова мәлім етті. 

«Кавасаки синдромын мультижүйелі қабыну синдромы деп атаған жөн. Ол көбінесе коронавируспен ауырған балаларда кездеседі. Кейде оны посткоронавирустық синдром деп те атайды. Аталған дертке шалдыққа балаларда күретамырдың аневризмасы (тамырдың кеңеюі) және токсикологиялық шок жиі кездеседі. Сондықтан ем қабылдауды дер кезінде бастау керек. Уақыт өткізіп алмау маңызды. Тек сонда ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Бұл ретте әдеттегі терапия қолданылады. Аталған синдром жаңа және жиі кездеспейтін індет ауру болғандықтан әр жағдайды жіті қадағалауымыз қажет. Себебі оның өзі мамандар үшін  тәжірибе», – деді Ғалия Құттықожанова. 

347 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз