Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Қыркүйек, 2020

Алматы әуежайында коронавирусқа тест тапсыратын мүмкіндік пайда болды

Алматы халықаралық әуежайында COVID-19 вирусына тест тапсыратын мүмкіндік пайда болды.

Әуежайда ашылған Тестілеу орталығының Grinlab kz зертханасында төмендегідей диагностика шараларынан өтуге болады:

ПТР (3 ген, 1 локализация) – адамның мұрын ауыз қуысынан жағынды алынады. Ол үшін 3 сағат бұрын тамақ ішуге, тіс жууға, сағыз шайнауға болмайды.

Тестілеу құны - 15 500 тг. Талдау нәтижесі 1 күнде дайын болып, клиенттің поштасына жіберіледі.

ПТР (3ген, 2 локализация) – адамның ауыз және мұрын қуысынан жағынды алынады. Нәтижесі шамамен 1 күн ішінде дайын болады. Алдын ала дайындықтың қажеті жоқ.

Тестілеу құны – 17 500 теңге.

Қандағы антиденелерді анықтауға арналған ИФА-тест шамамен 1 күнде дайын болады. Тестілеу құны – 9 000 теңге.

Антиденелерге экспресс тест 15 минутта дайын болады. Тестілеу құны – 7000 теңге.

197 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Кавасаки синдромының белгілері қандай?
Келесі мақала Жаңа заң жануарларды қорғай ала ма?

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *