Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Қыркүйек, 2020

Жаңа заң жануарларды қорғай ала ма?

Елімізде жануарларды қорғау туралы заңның жобасы дайындалған. Қазіргі уақытта заң жобасы аясында құзыретті органдар жұмыс жасауда.

Бұл туралы экология, геология және су ресурстары министрі Мағзұм Мырзағалиев онлайн брифинг барысында айтып берді. Оның сөзінше, аталған заң жобасының аясында арнайы талқылау жұмыстары жүргізілгеннен кейін ғана заң ресми түрде нақтыланбақ.

"Жануарларға зиянын тигізгендерде жазалауға қатысты әкімшілік және қылмыстық кодекстерге түзетулер енгілетін болады. Заң жобасы дайындалды. Біз министрліктің алаңында депутаттармен, қоғам белсенділерімен кездескен болатынбыз. Бұл заң халық арасында кеңінен талқыланды. Қазіргі таңда заң жобасы үкіметке берілді. Үкіметтен келісім алғаннан кейін парламентке жібріліп, жұмыс басталатын болады", - дейді Мырзағалиев. 

Осыған дейін экология министрі жануарларға қатыгездік көрсеткендерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды қолдайтынын айтқан болатын. 

Мемлекет басшысы жануарларға қатігездік танытқандарды қатаң жазалауға шақырды. 

198 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Алматы әуежайында коронавирусқа тест тапсыратын мүмкіндік пайда болды
Келесі мақала Алдағы 5 жылда республикалық жолдар толығымен жаңарады

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *