Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 08 Қыркүйек, 2020

«Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы айналымға шықты

Ресейде коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы азаматтық айналымға шығарылды.

Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің айтуынша, дәрі-дәрмекті жақын арада Ресей өңірлеріне жеткізу көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. «Жаңа коронавирустық инфекцияның алдын алуға арналған вакцинаның алғашқы партиясы – «Гам-Ковид-Вак» (Спутник V) қажетті сапа сынақтарынан өтіп, азаматтық айналымға шығарылды», – делінген хабарламада.

Сынақтар Ресейдің Денсаулық сақтауды қадағалау қызметінің зертханаларында жүргізілген. Вакцинаны Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жасаған. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Михаил Мурашко: «Бұл кезеңдегі азаматтық айналым – тәуекел тобындағы тұрғындарды, атап айтқанда, мұғалімдер мен дәрігерлерді вакциналау. Ол тіркеуден кейінгі клиникалық зерттеулермен қатар жүргізіледі», – деп түсіндірген болатын.

Қазақпарат

 

 

185 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала 2021 жылғы Токио Олимпиадасы өтетін болды
Келесі мақала Қытайда коронавирустың жаңа толқыны басталды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *