Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Қыркүйек, 2020

548 әкімшілік заң бұзушылық анықталды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің ақпараты бойынша, 2020 жылдың 1 маусымы мен 31 тамызы аралығында елімізде «Скутер» жыл сайынғы республикалық акциясы өтті.

Скутер

Іс-шара мақсаты - шағын көлемді су көлігін қауіпсіз пайдалануды, еліміздің су қоймаларындағы көпшілік демалатын аймақтар мен орындарда адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету.

Тексеру барысында 2300-дей шағын көлемді кеме (гидроциклдар, катерлер, моторлы кемелер т.б.) тексеріліп, 548 әкімшілік заң бұзушылық анықталды. Бұл ретте әкімшілік құқық бұзушылықтардың басым көпшілігі Шығыс Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстарында анықталды.

Заң бұзушылықтардың негізгі түрлері:

- кемелерді жеке құтқару жабдықтарысыз пайдалану – 203 оқиға;

- кемелерді құжаттарсыз пайдалану – 71 оқиға;

- кеме басқару құқығын беретін құжатсыз пайдалану – 42 оқиға;

Сонымен қатар, Көлік комитетінің аумақтық органдары шағын көлемді флоттың қауіпсіз пайдалануын реттейтін заңнама талаптарын түсіндіру бойынша шағын көлемді кемелердің иелерімен, база-тұрақтарының және демалыс аймақтарының иелерімен профилактикалық жұмыстарды өткізді.

Анықтама ретінде: Көлік комитеті өткізетін «Скутер» республикалық акциясы - су көлігін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылғы флоттағы апаттың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының бір бөлігі.

308 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз