Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 08 Қыркүйек, 2020

2021 жылы Алматы қаласының дизайн-код жобасы қабылданады

Келесі жылы Алматы қаласының дизайн-код жобасы қабылданады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов мәлім етті.

«Дизайн-код бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтаймыз деп ойлаймын. Келесі жылдан бастап дизайн-код жобасын ресми түрде қабылдаймыз. Бұл – Алматыдағы архитектуралық шешімдерді дамытуды қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлер үшін де, қалалықтар үшін де – бірыңғай стандартты құжат», - деді Алмасхан Ахмеджанов.

Дизайн-код – қаланы, қала көшелерін, қоғамдық аймақтарды безендірудің бірыңғай сәулеттік стилі. Жобаның мақсаты – ғимарат қасбеттерінің элементтеріне қойылатын бірыңғай талапты әзірлеу: кіреберіс, маңдайшалар, ақпараттық тақталар, балкон қоршаулары, ауабаптағыш және т.б.

 Фото: Досжан Балабекұлы

189 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Қазақстанда өткен тәулікте 64 адам коронавирус жұқтырған
Келесі мақала 143 тармақтан тұратын жалпыұлттық жоспар қабылданды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *