- Шартарап
- 09 Қыркүйек, 2020
Түркияда шектеу шаралары күшейтілді

Түркияда коронавирусты жұқтырғандар санының өсуіне байланысты шектеу шаралары қатаңдатылып жатыр. Қалаларда қоғамдық көлікте тұрып тұруға тыйым салынды. Осымен бірге мейрамханалар мен дәмханаларды бақылау күшейтілді. Бетперде тақпай, әлеуметтік арақашықтықты сақтамаған азаматтарға айыппұл салынбақ. Ал Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, елде вирустың таралуы қайта қарқын алған. Соңғы уақытта күн сайын 1 жарым мыңнан астам адамнан вирус анықталып отыр. Жалпы бұл елде дертті жұқтырғандардың саны 281 мыңнан асып, олардың 252 мыңдайы жазылып шыққан.

189 рет
көрсетілді0
пікір
Алдыңғы мақала
Ұлыбританияда коронавирус вакцинасының кері әсері тіркелді
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *