Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 09 Қыркүйек, 2020

Қазақстан жастар құрамасы 94 –минутта жеңіс голын соқты (видео)

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2021 іріктеу кезеңі аясында Израильді жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

вести кз

Назаретте өткен матч қазақстандықтардың пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. 

Есепті Қазақстан жастары ашты. Бірінші таймның соңында Елхан Астанов өз командасын алға шығарды. 

Израильдіктер матчқа қосылған қосымша уақытта есепті теңестірді - 91-минутта Итамар Швиро гол соқты. Бірақ қазақстандықтар жеңісті жұлып әкетті. 94-минутта Оралхан Өміртаев жеңіс голын соқты. 

Осы ойыннан кейін Қазақстан жастар құрамасы тоғыз ұпаймен іріктеу тобында екінші орынға шықты. Израильде сегіз ұпай бар.

https://youtu.be/MMuUCufiXM8

412 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз