Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 09 Қыркүйек, 2020

Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 82,9% автоматтандырылды

Алматы облысы әкімдігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің 82,9% автоматтандырылған. Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру деңгейі 90%-ға жетеді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының хабарлауынша, Алматы облысының аймақтық геоақпараттық жүйесінің іске қосылуының нәтижесінде 16 мемлекеттік қызмет электронды форматқа көшірілген. Оның 10-ы жер қатынастары, қалған 6-ы сәулет және қала құрылысы салалары бойынша іске асырылған.

Бас жоспарларды, инженерлік желілерді облыстық маңызы бар қалаларда 100% цифрландыру жұмысы жүргізілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі 1 жылдан 30 күнге, ал сәулет және құрылыс саласында 100 күннен 10 күнге дейін қысқартылды. Сондай-ақ, білім беру және спорт саласындағы 12 мемлекеттік қызметті автоматтандыру жұмысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру деңгейі 90%-ға жеткізіледі деп жоспарлануда.

Сонымен бірге, мемлекеттік қызметтерді өз бетінше онлайн режимінде ала алмайтын тұрғындар үшін облыс орталығында 53 «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ашылды.

Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша ақысыз курстарды ұйымдастыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда облыстағы халықтың цифрлық сауаттылық деңгейі 83% құрайды. Биыл тағы 10 мың адамды оқыту жоспарлануда. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 85 пайызға жетеді.

184 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала МҰНАЙШЫ АУЫЛЫНДА ЖАҢА ЖОЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Келесі мақала Алматы облысында жыл соңына қарай мектептердің 84%-ы сымсыз интернетке қол жеткізетін болады

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *