Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 09 Қыркүйек, 2020

Елімізде жас отбасылардың алғашқы онлайн-фестивалі өтеді

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» басқарма басшысы Бәтима Мукина Facebook парақшасында 2020 жылдың 12-13 қыркүйегінде Қазақстанда жас отбасылардың алғашқы ауқымды онлайн-фестивалі өтетіні туралы хабарлады. 

«Қоғамның тұрақтылығы отбасының әл-ауқатына байланысты. Дегенмен, отбасының жағдайы да әлеуметтік процестермен байланысты екендігі сөзсіз. Біздің мемлекет отбасына қатысты әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөледі. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға, оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін шешуге ерекше назар аударды. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы осындай әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін гранттық қолдау көрсетеді. Біз мемлекет, ҮЕҰ мен азаматтар арасында өзара тиімді қарым-қатынас орнату үшін өз тарапымыздан бар күш-жігерімізді саламыз. Іске асырылып жатқан жобалардың айтарлықтай пайда әкелуі мен нақты әлеуметтік мәселелерді шешу біз үшін өте маңызды», - деді ол.

Фестивальға еліміздің бұрыш-бұрышынан 29 жасқа дейінгі ерлі-зайыптылар қатыса алады. Шара 14 өңірде және республикалық маңызы бар 3 қалада өтеді. Фестиваль аясында жетекші сарапшылардың қызықты семинарлары мен мастер-кластары өткізіледі, эстрада әртістерінің онлайн-қойылымдары мен конкурстар ұйымдастырылады, бағалы сыйлықтар таратылады. Толық ақпаратты @otaufest_kazakhstan парақшасынан табуға болады.

118 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Сарыағаш ауданында студенттерге арналған жаңа жатақхана пайдалануға берілді
Келесі мақала Зейнетақы мен жәрдемақы жүйесі цифрландырылады

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *