Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 09 Қыркүйек, 2020

Қазақстаннан соңғы сегіз айда заң талаптарын орындамаған 25,5 мың шетелдік шығарылды

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамдарды Қазақстан шегінен тыс жерге шығарып жіберу кезінде ұстау мерзімдерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

«Ішкі істер министрлігі мәліметінше, соңғы екі жыл мен биылғы сегіз айда Қазақстан заңнамасы талаптарын орындамағаны үшін ел аумағынан 25,5 мың шетелдік шығарылды. Оның ішінде екі мыңға жуығы сот актісін орындамаған. Олардың арасында әкімшілік әрі қылмыстық құқықбұзушылық жасағандар бар. Миннистрлік аөқпаратына қарағанда, аталған мерзімде Қазақстанған келетін шетелдіктер тарапынан (жыл сайын ел аумағына 6 миллионға жуық келеді) 220 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық пен 4 мыңға жуық қылмыс жасалды», - деді Мәжіліс депутаты Василий Олейник заң жобасы бойынша баяндамасында.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде 1,3 мыңнан астам шетелдік бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр және пробациялық бақылауда.

inform.kz

169 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу құны қымбаттады
Келесі мақала Тоқаев Қазақстанда жаңадан екі агенттік құру туралы жарлыққа қол қойды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *