Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Қыркүйек, 2020

Зейнетақы мен жәрдемақы жүйесі цифрландырылады

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.

«Цифрлық теңсіздікті жою және интернетке барынша қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылданады. Зейнетақы мен жәрдемақыны тағайындау және төлеу цифрландырылады. Деректер базасының бірыңғай жүйесі құрылады», – деді министр.

Руслан Дәленовтің айтуынша, азаматтардың мемлекеттік басқару мәселелерін шешуге белсенді қатысуын кеңейту мақсатында онлайн-петициялардың бірыңғай заңды институты құрылады.

«Ауыл әкімдерін тікелей сайлау өткізіледі. Мәслихаттар қызметінің ашықтығы артады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мәртебесі мен өкілеттіктері күшейтіледі», – деді Руслан Дәленов.

134 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Премьер-министр халыққа уәде берді
Келесі мақала Алматыдан үлкен айналма жолға дейін алты радиалды көше салынады

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *