Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 09 Қыркүйек, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев Амандық Баталовты қабылдады

Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы және Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы Жолдауда белгіленген әлеуметтік шараларды орындаудың және пандемия жағдайында шағын және орта бизнесті қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Президентке тұрғындарды, әсіресе әлеуметтік аз қамтылғандар санатындағы азаматтарды «5-10-20» және «7-20-25» бағдарламалары аясында баспанамен қамту жөнінде ақпарат берілді.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласын дамыту және инвестиция тарту мәселелері талқыланды. Облыс әкімі ішкі туризмді одан ары дамыту, пандемия жағдайында оқу үдерісін ұйымдастыру шаралары туралы айтты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыстың белгіленген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін қамтамасыз етуді тапсырды.

 

369 рет

көрсетілді

1

пікір
Алдыңғы мақала Сағынтаев Тоқаевқа Алматыдағы жағдайды баяндады
Келесі мақала Жол бойына заманауи 35 кешен салынады

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Асель

10 Қыркүйек, 2020

Ең басты және тиімді 7-20-25 бағдарламасын жүйелі түрде іске асырып жатыр. Бағдарламаның берген жеңілдіктерінің арқасында өңірдегі тұрғандарымыздың баспаналы болуына мол əсерін тигізуде.