Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 10 Қыркүйек, 2020

Junior Eurovision финалы онлайн форматта өтеді

Еуропалық хабар тарату одағы (ЕВС) биыл жыл сайынғы «Junior Eurovision 2020» халықаралық ән байқауының финалы жаңа форматта ұсынылатынын жариялады. Бұл шешімнің басты себебі - COVID-19 пандемиясы.

Барлық финалистердің денсаулығын сақтау мақсатында байқауда орындалуға тиісті әндер сайысқа қатысушы елдің жергілікті студиясында орындалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар» агенттігіне сілтеме жасап. ЕВС ақпараты бойынша, барлық қатысушы елдердегі одақ мүшелері әртістің өнерін түсіру кезінде бірдей орналасқан сахна мен техникалық жабдықтарды пайдалануға келісті. Байқаудың финалы алда жоспарланғандай, 29 қараша күні өтеді.

Биыл финалға 13 ел: Армения, Беларусь, Франция, Грузия, Қазақстан, Мальта, Нидерланды, Ресей, Сербия, Испания, Украина, Польша және Германия қатысады.

«COVID-19 пандемиясының себебінен туындап жатқан сапарларға қойылған шектеулер және басқа да мәселелерге байланысты биыл «Junior Eurovision» ән байқауының барлық қатысушыларын Польшада қабылдай алмаймыз», - деді конкурстың супервайзері Мартин Остердаль. «Алайда, 2003 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келе жатқан бұл байқау жалғасуы тиіс деп шештік. Биылғы өзгерістерге қарамастан, өз елінің өкілі ретінде таңдалған барлық талантты жастар әлі де өздерін көрсетуге мүмкіндігі бар және дәстүр бойынша бүкіл әлемнің отбасылары өзінің сүйікті әніне онлайн режимде дауыс бере алады», - деп атап өтті жобаның атқарушы жетекшісі.

 Қазақпарат

159 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Ауа райы: бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Келесі мақала Ассамблея 106 989 440 мың теңгеге көмек көрсетті

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *