Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 10 Қыркүйек, 2020

Ассамблея 106 989 440 мың теңгеге көмек көрсетті

Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында 2704 отбасыға және аз қамтылған, көп балалы отбасыдан шыққан, сондай-ақ ата-ана қамқорлығынан айырылған 5938 балаға 106 989 440 теңге көлемінде көмек көрсетті.

АНК

Қазақстан халқы Ассамблеясы өңірлік филиалдары арқылы жыл сайын әлеуметтік қолдау ұйымдастырып, тұрмысы төмен отбасылардың балаларына қол ұшын созуды дәстүрге айналдырып келеді.

АНК

Жаңа оқу жылы қарсаңында оқушыларға қайырымдылық көмек көрсетуден көш бастап тұрған – Қызылорда облысы. «Ел Арай» қоғамдық қоры, облыстық ҚХА «Жомарт» қайырымдылық қоры, «Жан-Арай» ЖШС, «Арал тұз» АҚ, сондай-ақ аудандық кәсіпкерлерлер (М.Оспанова) мен еріктілердің (Б.Бегалиев) көмегімен жалпы сомасы 9 057 000 теңгеге планшет, смартфондар мен сим-карта, интернетке қосылуға роутер, модем секілді техникалық құралдармен қатар, оқуға қажетті кеңсе тауарлары сыйға тартылды.

АНК

Түркістан облысының түрік, өзбек, тәжік, этномәдени бірлестігі, қалалық, аудандық Аналар кеңесі, «Жаннатул» Фердауси қоры бірігіп, 7 514 000 теңгеге планшет, смартфон, мектеп сөмкелерін сатып алды.

Шығыс Қазақстан облысы этно-мәдени бірлестіктері 7 060 500 теңге, Жамбыл облысы – 6 030 000 теңгеге балалардың оқу ақысын төлеп, киім-кешекпен қамтамасыз етті.

Қарағанды облысы ҚХА Қайырымдылық жасаушылар мен тәлімгерлер клубының төрағасы, «LITUANICA» ҚБ төрағасы В.Тварионас тұрмысы төмен отбасының 7 баласына 77 000 теңгеге мектеп құралдарын және 300 000 теңгеге 2 ноутбук сыйласа, қайырымдылық жасаушылар және тәлімгерлер клубының мүшелері С.Шауенова мен М.Мақатқызы, Аналар кеңесі ҚХА құрылымдарымен бірлесіп 90 балаға 850 000 теңгеге мектеп құралдары мен рюкзак сыйлап, жалпы сомасы 6 млн теңгеге көмек көрсетті.

Қостанай облысы шешен-ингуш, корей, казак, орыс этномәдени бірлестік мүшелері мен Аналар кеңесі 6 978 000 теңгеге компьютер, планшет, портфель, оқу құралдары мен мектеп формаларын тарту етті.

Павлодар облысы «Ватан» әзербайжан орталығының мүшесі Муслим Махмудов, румын-молдаван орталығының төрайымы Дяк Аурика, Достық үйінің волонтерлік орталығының еріктілері мектеп оқушыларына 5 858 000 теңгеге «Отау тв» ресиверлері, ноутбук, планшет, интернет-роутерлер мен ұялы телефондар үлестірді.

Алматы қаласы ҚХА мүшелері Абдулхалил Долкунтай, М.Исраилова, Х.Увайсова, В.Набиев, З.Касанов, У.Касанов, Т.Елгельдиева 3 350 000 теңгеге мұқтаж отбасыларға оқу құралдарын табыстады.

Нұр-Сұлтан қаласы «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы» ҚБ, «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы» ҚБ, «Polacy» ҚБ, «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» ҚБ, «Республикалық ұйғыр мәдени орталығының филиалы» ҚБ, «Астана қаласының Өзбек этномәдени орталығы» ҚБ, «Хазар» әзербайжан қоғамдық бірлестігі» ҚБ, ҚХА «Парасат» қайырымдылық қызметті үйлестіру орталығының өкілдері мектеп оқушыларына 3 млн. 220 мың теңгенің көмегін көрсетті.

Алматы облысы «Элефтерия» гректер қоғамы», «Видергебурт» Талдықорған немістері қауымдастығы, «Сафар» тәжік этномәдени бірлестігі мен орыс этномәдени орталығының өкілдері оқушыларды 3 млн. 280 мың теңгеге, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Ақмола облысы, Маңғыстау облысы, Солтүстік Қазақстан облысы татар-башқұрт, әзербайжан, казак, еврей, күрд, белорус, еврей мәдени орталықтарының өкілдері 245 000 теңгеге оқушыларды портфельдер және кеңсе жабдықтарымен қамтамасыз етті.

ҚХА қайырымдылық іс-шаралары жалғасуда.

 

57 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Junior Eurovision финалы онлайн форматта өтеді
Келесі мақала Түркістанда алаяқтар 13 млн. теңгеден аса қаржыны иемдеп алған

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *