Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 10 Қыркүйек, 2020

Қазақстандық спортшы қарсыласын сұлатып салды

Аса ауыр салмақта болашағынан зор үміт күттіретін қазақстандық Дархан Бәкенов Абдулманап Нурмагомедовті еске алуға арналған турнирде жеңіске жетті.

Мәскеуде өткен жарысты ресейлік Fight Nights Global және GFC лигалары ұйымдастырған. 

Дархан екінші жекпе-жегінде украиналық Владимир Брикпен күш сынасып, оны бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңді. 

Алайда осы шоудың басты жекпе-жегінде екінші ұйымның титулы үшін Владимир Минеевпен жұдырықтасқан Дәурен Ермеков үшінші раундта жеңілді.

Сонымен қоса жартылай жеңіл дивизионда Fight Nights Global чемпиондығы үшін дағыстандық Мухаммед Эминовпен шыққан Мұратбек Қасымбай да төрешілер шешімімен есе жіберді. 


117 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Коньки. Қазақстан құрамасы жаттығу жиынын өткізіп жатыр
Келесі мақала Ерлер клубында ойнайтын қыз

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *