Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 10 Қыркүйек, 2020

Биыл «Самрұқ-Қазына» қоры 2,3 трлн теңге көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартады

2020 жылдың екінші жартыжылдығында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобы бойынша тартылатын тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) көлемі 1,1 трлн теңгеден астам деңгейде күтілуде. 2020 жылы мұнай-газ, химия, энергетика және тау-кен металлургия кешені сияқты салаларда Қордың портфельдік компанияларының қатысуымен 23 инвестициялық жобаға 2,3 трлн теңге мөлшерінде ТШИ тарту күтілуде.

World Investment Report мәліметтеріне сәйкес, әлемде ТШИ көлемі 2020 жылдан 2021 жылға дейін 40% - ға күрт қысқарады деп күтілуде.

Карантин және жаһандық жеткізілімдердің бұзылуы жағдайында Қор тарапынан уақтылы қабылданған шаралар ТШИ-дің айтарлықтай төмендеуіне жол бермей және көрсеткіштің 2019 жылғы деңгейден 85% - ға орындалуына қол жеткізуге мүмкіндік берді. 2019 жылы Қор компаниялар тобы тартқан ТШИ мөлшері 2,8 трлн теңгені құрады немесе Қазақстан Республикасының барлық ТШИ-ң 30,3% -ын құрады.

Сонымен қатар, Қор компаниялар тобының қатысуымен бірқатар салалар шетелдік инвесторлардың тұрақты қызығушылығын көрсетуде. Энергетика саласындағы жобаларға 30 млрд теңге мөлшерінде ТШИ тарту арқылы Ерейментау қаласында қуаты 50МВт ЖЭС және қуаты 60мвт Шелек дәлізінде ЖЭС құрылысы кірді. Мұнай-химия саласында-271 млрд теңге көлемінде ТШИ тарту арқылы KPI газ-химия кешенінің құрылысы. Мұнай-газ саласында-7,2 млрд теңге инвестиция тарту арқылы «Бозой» ЖГҚ-да газ сақтау қуатын арттыру және тағы басқа жобалар кірді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың маусым айында S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Самұрық-Қазына» АҚ ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелік рейтингтерін «ВВ+/В» деңгейінде растады, «Тұрақты» - деген болжам берілді. S&P сондай-ақ Қордың «kzAA+» ұлттық шкаласы бойынша рейтингін растады. Өз кезегінде Fitch Ratings агенттігі Қорға «ВВВ» деңгейінде рейтинг берді, болжам «Тұрақты»/»F2».

Қазіргі уақытта, активтерінің көлемі бойынша Қор әлемнің ТОП-30 егеменді Қорлары арасында 21-орында.

136 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Президент жұмыс сапарымен Қостанай облысында жүр
Келесі мақала Қожамжаров Ұлттық ұланды көбірек қаржыландыруды ұсынды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *