Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Қыркүйек, 2020

Елімізде интернет сапасын тексеретін веб-сайты ашылды

Елімізде интернет  сапасын тексеретін «Байланыс бар» веб-сайты ашылды. Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

«Бұл сайт интернеттің әлсіз сигналын тіркеуге алады. Сайтқа кіргенде бір ғана батырма арқылы байланыс сигналын тіркеуге болады. Бұл деректер біздің министрліктің деректер базасына келіп түседі. Осылайша, қандай да бір елді мекен мен нақты геолокацияда байланыс сигналының әлсірегенін көре аламыз. Тиісінше, біз қадағалаушы орган ретінде операторлардан талап етеміз. Біз операторларға лицензия береміз және олар белгілі жағдай бойынша сапалы байланыспен қамтуға міндетті. Ал біз сапаны қадағалаймыз», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

«Сайтқа кез келген адам кіре алады және өз айналасындағы интернет сапасын тіркей алады. Барлық деректі жинаған соң, әрі қарай не істеу керектігін жоспарлаймыз. Өйткені, еліміздің аумағы орасан үлкен және біздің жоспарымыз операторлардың нақты мүмкіндіктерімен ұштасуы қажет», - деді Б. Мусин.

161 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала 102 жастағы кейуанаға Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының дәрігерлері ота жасады
Келесі мақала Ассамблея: Жолдау бойынша халықтық жобалар жүзеге асады

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *