Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 10 Қыркүйек, 2020

«Манас»   қазақша сөйледі

Бір туған қазақ-қырғыз оқырмандарынан сүйінші сұрайтын жаңалығымыз бар: арада алпыс жыл салып “Манас” дастаны қазақша сөйледі.  Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі өзінің фейсбук парақшасында мәлім етті.

«Әйгілі эпос 1959-1962 жылдары академик Мұхтар Әуезовтің жетекшілігімен аударылып басылған болатын. Ол кезде жырды қазақша сөйлеткендер - даңғайыр жырды Қ.Жұмалиев, Ғ.Орманов, Т.Жароков, Д.Әбілов, Ж.Молдағалиев, Қ.Бекхожин, Ә.Тәжібаев, Х.Ерғалиев, С.Мәуленов, Ғ.Қайырбеков сынды саңлақтар еді. Бұл жинақты өзіміз бала кезімізде жата-жастана оқыдық. Жылдар өте ол жинақ қолға түсе қоймайтын сирек кітапқа, таптырмайтын қазынаға айналды. Тәуелсіздік жылдары да “Манас” қайта жариялана қоймапты.

Бұл жолы жырды қазақша сөйлеткен белгілі төкпе ақын, дарынды манасшы Баянғали Әлімжанов. Өзі манасшы болғандықтан Баянғали ағаның бұл нұсқасы тек қана жырдың таза аудармасы емес, көптеген варианттарды саралап, ұлы эпопеяның шытырман шүйгінін аралап, шығармашылықпен теріп алған өзгеше нұсқа деуге болады.

Сондықтан кітапқа алғысөз жазған Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков еңбекке жоғары баға берді, оны бір туған елдеріміздің дәстүрлі мәдени байланыстарын бекемдейтін туынды деп бағалады.

Халықаралық Түрік академиясы бұған дейін Манастың сөздігін шығарып, энциклопедиясын жариялаған еді. Манасшылар фестивальін өткізіп, Молла Медер Мергенбаев вариантын латын әліпбиі негізінде шығарған болатын. Бұл жинақ сол дәстүрдің жалғасы іспетті.

Бүгін қолға тиген кітаптың алғашқы сүйінші даналарын

Баянгали

ағам мен Қырғызстанның Қазақстандағы елшісі Жээнбек Кулубаев мырзаға тарту еттік», - деді Дархан Қыдырәлі  өз жазбасында.

648 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз