Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Серіктестік тынысы
  • 11 Қыркүйек, 2020

Әсем қала Алматы

 

Алматымыз астанасы қазақтың,

Тұрамын мен сол қаланың өзінде

Рим да емес ол, Парижде емес мақтаулы,

Ұқсасы жоқ бүкіл дүние жүзінде.

Алматы... Тарихы тереңнан бастау алатын, табиғаты талайды тамсандырған, аспанмен таласқан биік таулары көздің жауын алып,  ақындардың шабытына шабыт қоса бола білген  ару қала.  Дінмұхамед Қонаев атамыз негізін қалап, қазірде еліміздің оңтүстік астанасына айналған алып шаһар. Алатауы айқарыла ашылып қарсы алса, Көктөбесі жайқала құшақ жаяды. Медеудің қойнауында ашылмаған сырлар қаншама! Үлкен Алматы көлінің де қала тұрғындары үшін пайдасы көп. Пайдалануға берілетін ауыз су сүзгіден өткізіліп, тікелей Үлкен Алматы көл арқылы пайдалануға беріледі. Әрбір тасы қымбат Алматы талай шетелдік қонақтарды ерекше табиғатымен  Шарын шатқалы, Көлсай, Қайынды көлдері, Шымбұлақ, Фурманов шыңы талайды тамсандырып келеді. Алматының апорты жайында сөз қозғау мүлде бөлек. Тек Алматыда ғана өсетін апорт жайында сөз қозғау мүлде бөлек әлем. Алматы апортының тарихы адамның басын айналдырғандай едi. Ол – араға миллиондаған жылдар салып, атамекенiне қайта оралған алма ағашының жемiсi. Жер шарын шыр айналып шыққан алма ағашы, ақырында, өз топырағын қайта тапқан. Ол алмалы Алматының айналасы болатын. Нақты дерек көздеріне сүйенсек, апорттың өз атамекенінде өсіп жатқанына 50 миллиондай жыл болған деседі. Басқа еш жерде өспейтін Алматы апортының дәмін ауызбен айтып жеткізе алмайсың! Міне, керемет десеңші!

Алматы – күмістен құйған қала,

Қойнына кім-кімде сыйған қала

Алматы – құшағы қазақтардың,

                                   Алматы түгелдей думан қала, - деп ақын-жазушыларымыз туған жерге деген сүйіспеншілік, ыстық махаббаттарын  өлең жолдары арқылы жеткізе білген. Үлкен мүмкіндіктердің қаласы жалынды жастарға пана бола біліп,  құшағына алды. Жалпы қаламыз күннен-күнге дамып, өсіп-өніп, өркендеп келеді. Көздің жауын алатын биік әрі әсем ғимараттар бой көтеруде. Алайда қаламызға төнетін қауіпті де айтуымызға тура келеді. Зауыттардан, машиналардан шыққан түтін ауаны ластап, табиғат анамызға орасан зор зиянын тигізіп жатыр. Оған дәлел әлемдік пандемияға байланысты қала карантинге  жабылды. Зауыттардың жұмысы тоқтап, көлік қозғалысы бәсеңдеген болатын. Сол уақытта таза ауа қала тұрғындарының  назарына ілігіп, әлеуметтік желілерге жүктелді. Сол үшін де мүмкіндігі келгенше табиғат ананы қорғау барлығымыздың міндетіміз.

Жақсы екен ғой Алматым,

Алтын үйек астанам.

Осы екен ғой жаннатың

Атам қазақ аңсаған.

Келдім сені сағынып,

                                        Алтын – ұям Алматым, - деп Қасым Аманжолов атамыз туған жерге деген сағынышын өлең шумақтары арқылы жеткізген. Сағынып жеткен атамекенін жердің жаннатына теңеген дерсіз! Атамекеннен артық жер жоқ қой, шіркін! «Туған жердей жер болмас, туған елдей                                                 ел болмас» ,  - деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Сыртқа қалаға шықсақ болғаны екі-үш күн өтпей туған жерімізге қайтқанша асық боламыз. Атамекеннің тылсым күші бар екендігі аян. Осы бір  жұмбақтың шешімін ешкім тапқан емес.

Заман талабымен көшке ілескен ару қала Алматымыз күннен-күнге дамып келеді. Жаңа, көздің жауын алатын әсем ғимараттар салынып, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілуде. Пандемеямен күрес кезінде аз ғана уақыттың ішінде сапалы, озық медициналық технологиямен қамтамасыз етілген ауруханалар  науқастардың ем алуы үшін қолданысқа берілді. Осы тарапта қала әкімі Бақытжан Әбдірұлының ұстанған дұрыс әрі ұтымды жоспарының нәтижесі екендігін сөзге тиек етіп айта кеткендігіміз дұрыс болар.

Мен өзімнің болашағымды Алматымен байланыстырамын. Үлкен мүмкіндерге жол ашып, оның кілтін табу жолында еңбектеніп, әсем қаламыздың өсіп-өркендеуі жолында қолымнан келгенше қызмет жасап, перзенттік парызымды өтеу менің армандарымның бірі. Мақсатымыз айқын болса,  біз алмайтын асу жоқ. Бұл жолда шыдамдылық пен қажырлы еңбек қажет екендігі баршамызға аян.

 

Әбдіманап Дана,  М.Мақатаев атындағы

140 гимназияның 11 «Г» сынып оқушысы

208 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала «Мысль» журналына – 100 жыл
Келесі мақала Мolekula арт-терапия орталығын ашқан Айзада

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *