Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 11 Қыркүйек, 2020

Шымкенттік шенуніктер пара алып ұсталды

Шымкентте 8 шенеунікті жемқорлық үшін сотта жауапқа тартты. Олардың бәрі пара алып жатқан сәтінде ұсталған.

Шымкенттің жемқорлыққа қарсы департаментінің мәліметіне сәйкес, мелмекеттік санитарлық инспектор алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Мемлекеттік қызметкер төтенше жағдай режимі кезінде бизнесмендерден жергілікті базарда азық-түлік саудасын еш кедергісіз жүргізулері үшін тұрақты түрде пара алып отырған.

Сонымен қатар Әл-Фараби ауданы бойынша кәсіпкерлік бөлімінің басшысы мен мәдениет басқармасы басшысының орынбасары да жемқорлықпен ұсталған.

Қаланың жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Асхат Жұмағалидің айтуынша, осы жылы мекеме қызметкерлері 20 бизнес субъектісінің құқықтарын қалпына келтіре алған.

Ол шенеуніктердің «кәсіпкерлер шаруасына жиі араласатынын» алға тартты.

Мемлекеттік қызметкерлер заңсыз ақшалай сыйақы талап етеді немесе істеріне болысқаны үшін пара сұрайды екен. Осылайша, жемқорлықпен күресушілер сегіз бірдей мемлекеттік қызметкерді пара алу үстінде ұстаған.

187 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Таразда инфекциялық аурухана қайта жасақталуда
Келесі мақала Түркістан облысында Жеңіс мемориалы мен балалар ойын алаңы ашылды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *