Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 11 Қыркүйек, 2020

Елорда тұрғындары коронавирус сұрақтарымен психологиялық көмекке жүгіне алады

Елорда әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы КВИ-ның мүмкін деген жаңа толқынында тұрғындарға психологтарды тарту арқылы психологиялық көмек көрсететін болады. Емханалардың бейінді мамандары осы бағытта жұмыс істеуге тартылатын болады, деп хабарлайды елорда әкімінің баспасөз қызметі. 

«Қала тұрғындарында КВИ бойынша сұрақтар туындаған кезде халықты толық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін емханалардағы Call-орталықтардың жұмысын күшейтеміз. Біздің психологтар халықтың толғандыратын сұрақтарына жауап беруге, психологиялық қолдау көрсетуге дайын» - деді Басқарма басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Call-орталықтардың телефондары басқарманың, қалалық медициналық ұйымдардың сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.
Сондай-ақ амбулаториялық көмек деңгейінде пациенттерді оңалту бойынша жұмыс халыққа әзір.

154 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Бухарест қаласында Абайдың мүсіні салтанатты түрде ашылды
Келесі мақала Алматыда тұмауға қарсы екпе салу науқаны басталды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *