Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 11 Қыркүйек, 2020

Сүйіндік Алдашев: «Нұрлы жолдың» екінші кезеңі экономикаға тың серпін береді

Парламент Сенатының депутаты Сүйіндік Алдашев  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауына қатысты өз пікрін білдірді. 

"Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы – көкейдегі көп сұраққа жауап берген маңызды құжат. Еліміздің жаңа жағдайдағы даму бағдарламасы. Жолдауда әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, мәдени, рухани мәселелер түгел ескерілген. Көптеген тұралап тұрған түйткілдерді оң шешуге арналған жоспарлар айқындалды.

Ерекше атап өтер жайт, Мемлекет басшысы экономикалық дамуға баса мән берді. Бірқатар жобаны қайта жандандыру жайын айтып, нақты міндеттер қойды. Мысалы, осыған дейін нәтижелі жүзеге асырылған «Нұрлы жол» көлік-транзитті бағдарламасы Азия мен Еуропаны тікелей байланыстыра отырып, мемлекетіміздің халықаралық рейтингтерде алға шығуына жол ашқан жоба.

Дегенмен, қазіргі таңда дәл осы ірі жобаға бәсекелес болатын өзге халықаралық тәжірибелер ескеріліп, «Нұрлы жолдың» екінші кезеңін әлдеқайда дамыған деңгейде жалғастыру туралы тапсырма берілді. Демек, 2025 жылға дейін еліміздің көлік транзиттік сектор бойынша көшбасшы позициясын сақтап қалу міндет етіп қойылды. Бұл елімізге жаңа халықаралық серіктестермен тығыз байланыс орнатып, қызмет көрсету сапасының жаңа деңгейге көтерілуіне сеп болады деп сенеміз. Сондай-ақ, аталған игі жоба экономикалық дамуымызға да тың серпін берері сөзсіз", - деді Сүйіндік Алдашев. 

154 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде «MAMA» фотокөрмесі ашылды
Келесі мақала 53 мыңнан астам жұп egov.kz арқылы тіркелді

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *