Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 11 Қыркүйек, 2020

Иордания әскери қоймасындағы жарылыстың себептері айтылды

Бүгін таңертең Иорданияның Эз-Зарка қаласының маңындағы жарамдылық мерзімі өткен минометтер қоймасында қуатты жарылыс болды. Иордания Хашимит Корольдігі Қарулы Күштерінің (ИХК) оқиға туралы ресми деректерінде хабарланды. 

Әлеуметтік желілерде бейнежазбалар мен фотосуреттер арқылы тараған қауесеттер иорданиялықтардың алаңдаушылығын күшейтті. ИХК Денсаулық сақтау министрі Саад Джабер қоймадағы жарылыстан кейін шұғыл түрде мемлекеттік қалалық ауруханаға барып, мекеменің жарылыстан кейін болуы ықтимал зардап шегушілерді қабылдау дайындығын тексерді. «Жарылыс ат-Тафихтың оқшауланған аймағында орналасқан Эз-Зарка қаласының маңындағы мерзімі өткен және пайдалануға жарамсыз оқ-дәрілердің бөлшектелген қоймасында болды. Адам өлімі тіркелген жоқ, материалдық залал келтірілді. Алғашқы тергеу мәліметтеріне сәйкес, жарылыс өте жоғары ауа температурасынан туындаған. Мұндай температура миномет снарядындағы химиялық элементтің реакциясын тудырып, жарылыс орын алды», – делінген Иордания Қарулы Күштерінің Бас қолбасшылығының мәлімдемесінде.

Жарылу қаупі бар қалдықтардың жоқтығына көз жеткізу үшін бүкіл аумақ алдын ала қоршалып, тексерілді. Тұрғындарға бұл аумаққа жақындамау ескертілді. «Адам өлімі және жараланғандар жоқ. Нысан айналасындағы кейбір жабдыққа және ескі механизмдерге зиян келтірілді. Қарулы Күштер – оқиға туралы ресми ақпаратты таратудың жалғыз көзі. Азаматтарды кейбір бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер таратқан қауесеттерге назар аудармауға шақырамын», – деді генерал Талал әл-Губейн.

Өз кезегінде Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы азаматтарды ескі деректер мен қауесет таратпауға, олар үшін сот жауапкершілігі қарастырылғанын қатаң ескертті. Қазір таратылып жатқан кейбір бейнежазбалар мен фотосуреттер ескірген және бір жыл бұрын болған оқиғалардан алынған.

Қазақпарат

161 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина бағасы қанша болуы мүмкін?
Келесі мақала Осы маусымдағы тұмауға қарсы вакцинаның бағасы қанша тұрады?

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *