Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 11 Қыркүйек, 2020

Осы маусымдағы тұмауға қарсы вакцинаның бағасы қанша тұрады?

Ұлттық денсаулық сақтау орталығы инфекциялық аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов тұмауға қарсы вакцинаның бағасын айтты.

«Бізде тәукел тобы бар. Ол адамдарға міндетті түрде бюджет есебінен 2 млн доза сатып алынды. Жұқпаға қарсы екпелер елді мекендердегі тұрғылықты жеріне жақында орналасқан медициналық мекемелерде (емханаларда) жасалады. Жалпы, өзінің қаржысы есебінен екпе аламын дегендерге ақылы түрде ұйымдастырылады. Вакцинаны дайындаған еліне байланысты екпе бағасында айырмашылық болады. Яғни ресейлік әрі Франция вакциналары бар. «СҚ-Фармация» мәліметінше, олардың бағасы 2200 теңгеден 4500 теңге аралығында», - деді департамент басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, Ресейдегі тұмау штамдары Қазақстанда тараған штаммен ұқсас. Себебі екі ел де бір климаттық белдеуде орналасқан. «Біз халықтың 10 пайызынан астамын бюджет есебінен қамтамасыз етпекпіз. Бұл өз кезегінде аурудың төмендеуіне елеулі әсер етеді», - деді Ж. Бекенов.

 

231 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Иордания әскери қоймасындағы жарылыстың себептері айтылды
Келесі мақала Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданынын аралап шықты

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *