Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 11 Қыркүйек, 2020

Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданынын аралап шықты

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданының қоғамдық кеңістігінің абаттандыру жұмыстарымен танысты.

«Түрксіб ауданының қоғамдық кеңістігінің абаттандыру жұмыстарымен таныстым. Есеп беру кездесулері кезінде тұрғындардың өздері ұсынған учаскелерге ерекше көңіл бөлінді. Мысалы «Жас Канат» ықшамауданындағы қараусыз қалған жердің орнына саябақ, ал Соболев көшесінде спорт алаңы пайда болды. Жаңартылған «Буденый» алаңымен бірге бұл жерлер ересектер мен балалардың сүйікті мекеніне айналды. Мұнда уақытты тиімді өткізуге барлық жағдай жасалған»,– деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында.

Сонымен қатар, ол аулалардың ретке келтіріліп жатқанын атап өтті.

« Ахметов көшесіндегі үй тұрғындарының айтуынша, олар үй маңындағы аумақтың жөнделуін 30 жыл күткен. Заманауи ойын, воркаут және демалыс аймақтары тұрғындар үшін таптырмас орын болды. Олар бірлесе аумақты көгалдандырды. Енді меншік иелері бірлестіктерін құру мәселесін қолға алып, өз аулаларында тәртіп орнатпақшы. Бұл — құптарлық әрекет. Тұрғындар тұрғын үй шаруашылығын ұстау мәселелерін өз бетінше шешуге құқылы және шеше де алады»,– деп жазды әкім.

 

193 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Осы маусымдағы тұмауға қарсы вакцинаның бағасы қанша тұрады?
Келесі мақала Отбасы күнгі онлайн отырыс

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *