Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 12 Қыркүйек, 2020

Аида Балаева онлайн-петиция институтын енгізу туралы айтты

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева онлайн-петиция институтын енгізу бағытында қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын айтып берді.

«Қазақстанда қоғам өкілдері онлайн-петиция институтын заңнамалық тұрғыда бекіту бастамасын бұған дейін бірнеше рет көтерген болатын. Елімізде ол институт жұмысын бастау үшін онлайн-петициялар бойынша платформаны әзірлеу керек. Бірақ ең бастысы қажетті нормативті-құқықтық база болуы тиіс. Осыған байланысты қазіргі уақытта біз заңнамаға енгізілетін түзетулер пакетін әзірлеудеміз», - деді Аида Балаева Президенттік жастар кадрлық резервіндегі азаматтармен кездесу барысында. Министрдің айтуынша ең алдымен петиция дегеннің не екенін алдымен түсіндіріп алу керек.

«Екіншіден петиция жіберу, мемлекеттік органдардың петицияларды модерациялау мен қарау тәртібін реттеген абзал. Үшіншіден мемлекеттік органдардың петицияны міндетті түрде қарауы үшін қанша адам оған қол қоюуы керектігін айқындап алған жөн», - деді Аида Балаева.

inform.kz 

133 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Отбасы күнгі онлайн отырыс
Келесі мақала Бағдат Мусин министрліктің алдына қойылған басты міндетті атады

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *