Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 13 Қыркүйек, 2020

Мбаппе ПСЖ-дан кететінін мәлім етті

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе париждік "Пари Сен-Жермен" командасының басшыларына клубтан кеткісі келетіні туралы айтты, деп хабарлайды The Times басылымы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, 21 жастағы шабуылшы ПСЖ командасынан 2020/21 жылғы маусым аяқталған соң кеткісі келеді екен. Ол карьерасын ағылшындық немесе испаниялық командалардың бірінде жалғастыруға ниетті. 


Бұған дейін әлемдік БАҚ өкілдері Мбаппеге мадридтік "Реал", туринддік "Ювентус, ағылшындық "Манчестер Юнайтед", "Манчестер Сити" сондай-ақ "Ливерпуль" командаларының қызығушылық білдіріп отырғанын жазды. 

Мбаппе "ПСЖ" сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақытқа дейін ол париждік командасы сапында 124 кездесуге қатысып, 90 гол соққан. Сонымен қатар ол бұл командамен екі рет Франция біріншілігін жеңіп, Франция кубогі мен лига кубогін жеңіп алған. 

Жыл басында CIES Football Observatory зерттеу орталығы әлемдегі ең қымбат футболшылардың тізімін жасаған еді. Ол тізім бойынша Мбаппе бірінші орында. 265,2 миллион еуроға бағаланды. Ал Transfermarkt басылымы бұл футболшының қазіргі бағасы 180 миллион деп бағалап отыр. 

470 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз